Курстың мақсаты
Биохимия пәні тірі организмдердегі химиялық процестердің негіздерін, биомолекулалардың құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін, сондай-ақ метаболизм мен оның реттелу механизмдерін түсіндіру арқылы студенттердің теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыруды көздейді.
Курстың міндеттері:Теориялық білім беру:
- Тірі ағзалардың химиялық құрамын және молекулалық процестерді түсіндіру.
- Биомолекулалардың (ақуыздар, липидтер, көмірсулар, нуклеин қышқылдары) құрылымы мен функцияларын зерттеу.
- Зертханалық жұмыстар арқылы биохимиялық әдістерді меңгеру.
- Метаболизмнің негізгі жолдарын тәжірибеде талдау.
- Биохимияның медицина, фармацевтика және биотехнологиядағы маңызын көрсету.
- Заманауи биохимиялық зерттеулердің бағыттарымен таныстыру.
Курс нәтижелері (Результаты обучения):
Курсты сәтті аяқтаған студенттер:
Теориялық білім:
- Биохимиялық процестердің негіздерін, биомолекулалардың құрылымы мен функцияларын түсінеді.
- Тірі ағзалардағы метаболизм жолдары мен олардың реттелу механизмдерін сипаттайды.
Практикалық дағдылар:
- Биохимиялық зерттеу әдістерін қолдана алады (спектрофотометрия, хроматография, электрофорез).
- Клиникалық және биохимиялық талдаулар жүргізу негіздерін меңгереді.
Қолданбалы білім:
- Биохимияның медицина, экология және биотехнологиядағы қолдану салаларын түсінеді.
- Зат алмасу бұзылыстары мен патологиялардың биохимиялық негіздерін талдайды.
Ғылыми зерттеу:
- Биохимиялық мәліметтерді өңдеп, ғылыми тұжырымдар жасайды.
- Ғылыми және кәсіби ортада биохимиялық мәселелерді талқылайды.
Нәтиже: Студенттер биохимияның теориясы мен практикасын толық меңгереді және де оны биология, медицина және биотехнология салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын деңгейге жетеді.

- Учитель: Assel Rakhmetulla